Елордада 17 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Қазмедиа орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылы атқарылан іс-шаралар және 2020 жылы алға қойған міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.
11.00-де Еуроорталықтағы Еуразиялық интеграция институтында «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: сараптамалық тексеру» есебі таныстырылады.
12.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Ауған соғысының ардагері, батыр «Қара майор» Борис Төкенұлы Керімбаевты еске алуға арналған ректор жүлдесі үшін бокстан студенттер арасындағы III-Республикалық турнир ашылады.
17.00-де «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында, Қорқыт мемлекеттік академиялық филармониясының дәстүрлі музыка тобы 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр.