Елордада 18 жастағы студент көпірден секіріп кетті

Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — Қалалық полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

— Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, 18 жастағы астаналық көпірден секіріп кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп отыр, — деп хабарлады полиция департаменті.

Қазір полицейлер бұл қайғылы оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың маусым айында Назарбаев Университетінде студент қыз қайтыс болды. Сонымен қатар ІІМ Астанада студенттердің суицидіне қатысты сараптама қорытындысы жақында дайын болатынын айтқан еді