Курс халыққа қызмет көрсету орталығының алаңында өткізіледі. ХҚКО мамандары әзірленген бағдарлама бойынша азаматтарға ЭЦҚ-ға өтініш беру, электрондық үкімет порталын пайдалану, өз бетінше анықтамалар мен қызметтерді алуды үйретеді.
Сонымен бірге, курстан өтушілер проактивті форматта мемлекеттік қызметтерді ала алатындай болып азаматтардың мобильдік базасына тіркеледі. Бұған қоса, ұялы телефон нөмірлерін тіркеу SMS-құпиясөз немесе telegram-бот арқылы белгілі бір ақпараттық анықтамаларды алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, SMS-растаудың көмегімен азамат үшінші тұлғаларға өзінің деректерін ұсыну бойынша «Анықтамасыз көрсетілетін қызмет» сервисін пайдалана алады.