Елордада 186 000 теңгенің контрафактілік өнімдері тәркіленді

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада 186 000 теңгенің контрафактілік өнімдері тәркіленді. Бұл туралы Астана қаласының Әділет департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Астана қаласының Әділет департаменті мен қаладағы Сарыарқа, Алматы аудандары Ішкі істер басқармалары УПИ-мен бірлесіп, авторлық құқық және сабақтас құқық туралы заңнаманы сақтау жөнінде Астана қаласының аумағында контрафактілі дыбыс-бейне жазу өнімдерін заңсыз тарату бойынша тексеріс шараларын жүргізді. Іс-шара барысында қызметкерлер контрафактілі өнімді заңсыз іске асырудың 4 орнын анықтады. 186 000 теңгенің 620 дана дыбыс-бейне жазу өнімі тәркіленді.

Тәркіленген өнім мен ұсталған адамдар қылмыстық іс-жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес іс-жүргізу шешімін қабылдау үшін ішкі істер органдарына жеткізілді.

Еске салайық, аталған іс-шара Дүниежүзілік экономикалық форумның және «Doing Business» Дүниежүзілік банкінің ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткішін көтеру мақсатында өткізілді.