Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаметінің мәліметінше, елорда аумағында жол-көлік оқиғаларын төмендету, жол жүрісі ережесі бұзылуының алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Аталған іс-шара аясында патурльдік полицияның мамандандырылған батальоны қызметкерлері жол жүрісі ережесін 19 рет бұзғаны үшін салынған шамамен 500 мың теңге айыппұлы бар реселік нөмірлі «ВАЗ» маркалы көлікті тоқтатқан.
«Көлікті тоқтатқаннан кейін 30 жастағы жүргізушіде автомобильдің міндетті сақтандыруы жоқ екендігі анықталды. Азаматтың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодестің 230-бабымен әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салды. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша берешегі бар екендігі туралы 19 ескерту жазып берілді. Автомобиль коммуналдық тұраққа қойылды», - деді департаменттен.
Осы ретте Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жүргізушілерге Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік бар екендігін ескертеді. Көлігін міндетті сақтандырудан өткізбегендерге 10-нан 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.