Атап айтар болсақ, сенбі, қазанның 23-інде сағат 04.00 кезінде «Оңтүстік-Шығыс» ықшамауданында кезекшілік атқарып жүрген жол полициясының қызметкерлері елорданың 19 жасар еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынының басқаруындағы Р 786 ТММ мемлекеттік нөмірлі «MAZDA GEA» автокөлігін тоқтатты. Инспекторлар көлікке құжаттарды көрсетуді өтінгенде, жүргізуші еш құжаттарын көрсете алмады.
Одан кейінгі әңгімеден белгілі болғаны, ұсталған жігіт аталмыш көлікті Б.Момышұлы даңғылындағы 6/1 үйінің ауласынан түнгі сағат 03.00 кезінде ұрлап кетіпті.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша жедел-тергеу іс-шаралары қолға алынды, автокөлік айып тұрағына орналастырылды.
Ұсталған азамат бұған дейін оқ-дәріні сақтағаны үшін сотты болған екен.