Елордада 1929-1940 жылдары латын әліпбиімен жазылған кітаптар көрмесі өтеді
Жалпыұлттық баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның негізгі мақсаты - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған кириллица негізіндегі қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бастамасына қолдау білдіру.
Көрмеге қазақ зиялы қауым өкілдерінің 1929-1940 жылдары шыққан еңбектері қойылады. Сонымен қатар, шетелдік ақын-жазушылардың еңбектерін де осы көрмеден тамашалауға болады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деп атап өткен болатын.
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ әліпбиін жасау идеясын отандық ғалымдармен қатар шетелдік ғалымдар қолдады. Қазіргі уақытта қоғам талқысына кеңінен салынып, халық тарапынан қолдау тапқан бастамаға «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы да үн қосып отыр.
Фото:e-history.kz