Елордада 2 мыңға жуық жұмысшы қар тазалауға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 17 ақпаннан 18-іне қараған түні 7 мм қар жауды, бұл айлық норманың жартысына жуығын құрайды, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада қар қалыңдығының айлық нормасы 15 мм болса, ақпан айында 19 мм қар жауды. Ал өткен түнде қалыңдығы 7 мм болды.

Нұр-Сұлтанда 17 ақпаннан 18-іне қараған түні қар жинау жұмысына 500-ден астам арнайы техника мен 50-ден аса жол жұмысшы жұмылдырылды. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер, яғни алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуар секілді орындар қардан тазартылады.


Өткен тәулікте елордадан барлығы 26 мың текше метр қар шығарылды. Ал биылғы қыста бас-аяғы 2 564 383 текше метр қар жиналды.