Бұл туралы бүгін «Мектепке жол» атты дәстүрлі шараның басталуына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында Астана қалалық білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина айтты.
Оның айтуынша, өткен жылы 14 тамызда өткізілген шараны жан-жақты зерделеген қалалық білім басқармасы ағымдағы жылы ата-аналардың пікірлерімен санаса отырып, жәрмеңкені өткізу күндерін белгілеген. Соған сәйкес, мектеп жәрмеңкесі үстіміздегі жылы орталық қалалық алаңда тамыздың 20-21 және 27-28 күндері ұйымдастырылмақ.
«Бұл жәрмеңкеге біз қалалық кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп дайындалудамыз. Өйткені ағымдағы жылы біздің мектеп оқушыларымызға қажетті кеңсе тауарлары, мектеп киімдері, сөмкелер сынды заттарды ұсынатын кәсіпкерлер мен бизнесмендер көптеп тартылады», - деді ол.