Елордада 20 елдің маманы Ислам қаржы нарығын дамытуды талқылауда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тұңғыш рет ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің (Islamic Financial Services Board - IFSB) отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір апта бойы өтетін Кеңес жиыны бірнеше бөліктен тұрады, оның ішінде IFSBТехникалық комитетінің отырысында IFSB-ге мүше елдердің орталық банктері менреттеушілерінің өкілдері қатысады. Сонымен қатар, ислам қаржы капиталысаласында инвесторлардың құқығын қорғау, исламдық депозиттер кепілдігініңтиімді жүйесін құру бойынша жұмыс топтарының кездесулері өтуде.

«Ислам қаржыландыруы АХҚО-ның негізгі бағыттарының бірі. АХҚО-дахалықаралық талаптарға, соның арасында IFSB талаптарына сай қажетті құқықтықнормативтік база құрылған. Мұндай іс-шаралар Ислам қаржыландыруы бойыншаақпаратты кеңейтеді әрі ислам қаржы нарығы өкілдері мен реттеушілері арасындағыдиалогты орнататын алаң ретінде тиімді», - деді «Астана» халықаралық қаржыорталығы басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Айта кетейік, кеңес отырысына БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Бруней, Малайзия,Катар және тағы да басқа 20 елден өкілдер қатысты.

IFSB -ислам қаржыландыруы институттарының тиімді қадағалануы мен реттеуібойынша талаптарды дайындайтын халықаралық орган.

АХҚО 2017 жылдан бері IFSB-ның тұрақты өкілі. Бұл ұйымның өкілі болу исламқаржыландыруы институттарының бірегей талаптарын дайындау кезінде тиімдіықпалдастық танытуға көмектеседі.

АХҚО-ның нормативті-құқықтық базасы халықаралық және IFSB талаптарына сайжасалынған. АХҚО өкілдері ислам қаржыландыру заңдылығын дамыту бойыншаталаптарды дайындайтын Техникалық Комитет мен жұмыс топтарының құрамына да енген.Осындай іс-шаралар АХҚО-ның Ислам қаржыландыруы және бизнес Хабі ретіндегіпозициясын нығайтады.


Соңғы жаңалықтар