Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, төтенше оқиға 20 қабатты «Орбита» тұрғын үй кешенінің 16-шы қабатында орын алған. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 17 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Бес шаршы метр ауданды шарпыған тілсіз жау салдарынан иіс тиген 42 жастағы азамат ауруханаға түсті.