Қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.
Ал 21 қараша – дүйсенбіден бастап автобустар әдеттегідей, қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.
Еске салайық, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елордада кәмелетке толмаған балаларға қоғамдық көлікпен жүру – тегін. Осы уақытқа дейін оқушылар 43 миллион сапар жасады.
Сондай-ақ зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және азаматтардың өзге де жеңілдетілген санаты тегін жол жүру құқығын пайдаланады.