«Қаламызда апатты күйде тұрған 200-ден аса үй бар. Соңғы үш жылда мұндай үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Биыл тағы 300-ден астам отбасыны көшіруді жоспарлап отырмыз. Елорда даму бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері апатты үйлерден 4 мың 200 отбасы көшірілді. Бұдан бөлек тұрғын үй кешендерін жөндеу және қауіпті лифтілерді ауыстыру жұмысы қолға алынды. Мәселен, Күйші Дина көшесі бойында орналасқан үйлердің иелерін қабылдау барысында лифтілерді ауыстыру мәселесі көтерілді. Бұл үйдегі лифтілердің бір бөлігі ауыстырылды, қалған бөлігін жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Осыған дейін 80 лифті жаңартылды, биыл тағы 40-ға жуық жеделсатыны жаңартуды жоспарлап отырмыз. Келер жылғы жоспарға әзірге 30 лифті енді, тізімді толықтыру жұмысы жүріп жатыр», - деп жазды бас шаһардың әкімі.
Айта кетейік, бұл уақытқа дейін Алтай Көлгінов елордадағы тұрғын үй құрылысының қарқынын бәсеңдетуді ұсынған болатын.
Оның айтуынша, құзырлы органдар жаңа баспаналарға қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етіп үлгермей жатыр.