Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Елорда көшелері мен гүлзарларының сібір шыршасы мен қарағайы, пирамидаль терегі мен қылқан жапырақты қарағашы, бұтақты шегіршін ағашы мен татар үйіңкісі, қайың мен емен, қарақат, бүлдірген, тағы да басқа жеміс ағаштары сәнін келтіретін болады.
Сондай-ақ, Астананың 15 жылдығына орай 15 гүлзар бақтың құрылысы жаңартылады. Олардың 2-уі - Есіл, 7-уі - Сарыарқа, 6-уы Алматы аудандарында орналасқан.
Сонымен қатар, қаланы желден қорғау мақсатында Астананың айналасына жасыл белдеу құрылысын жүргізу басталды. Басқарманың мәліметі бойынша, өткен 2012 жылы 179 гектар аумаққа 430 746 дана қылқанжапырақты тал отырғызылды. Қазіргі уақытта жасыл белдеудің жалпы аумағы 14 875 гектар. Осы жерде 9,7 миллионнан астам ағаш пен 1,9 миллион тал өсіп тұр.
«2013 жылы 171 гектар жерге 285 914 қылқан жапырақты ағаш отырғызу жоспарлануда», - делінген хабарламада.