Елордада 23 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан көшелерінде қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Таңертеңнен бастап «Батырларға тағзым» шеруі аяқталғанға дейін алты төмендегі бағыттардың қозғалыс сызбасы өзгереді: № 3, 19, 21, 29, 40, 100. Бұл ретте 11:00-ден бастап 17 қозғалыс кестесі уақытша ауыстырылады: 2, 4, 15, 18, 23, 25, 28, 31, 44, 47, 48, 51, 56, 61, 71, 73, 101.

«Құрметті жолаушылар! Сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Маршруттар қозғалысының сызбасындағы барлық өзгерістер туралы қалалық 109 анықтамалық қызметінен білуге болады», - делінген Астана LRT хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар