Елордада 23 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
21:05, 22 Қыркүйек 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі елордада 23 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 09.00-де «Хилтон» отелінде «Qazaqstan Energy Week» аясында «Каспий мен Орталық Азияның мұнай өңдеуі мен мұнай химиясы» алтыншы Халықаралық конференциясы басталады.
Сағат 09.30-да Конгрес орталықта «Qazaqstan Energy Week» аясында «Student Energy Challenge» байқауы өтеді.
Сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады.
Сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге «Адалдық алаңы» жобасы аясында офис ашады.
Сағат 15.00-де «Доун Таун» бизнес-орталығында үкіметтік емес сектордың рөлін күшейту мәселесін үкіметтік емес ұйымдар мен билік өкілдері талқылайды.