Елордада 25 мекеме 500 бос жұмыс орнын ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 24 шілде күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Жұмыспен қамту орталығы және «Тұран-Профи» академиясының ғимаратында Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Жәрмеңкеде 25 жұмыс беруші 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады. Мақсаты - жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына және ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылады. Айта кетейік, Астана қаласында 2015 жылдың І жартыжылдығында 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, 2300 адам жұмысқа орналастырылды.