Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов мәлімдеді.
- Ақындардың жинағы Астана қаласының мектептеріне қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне қосымша құрал ретінде таратылатын болады. Сонымен қатар қаланың барлық 18 кітапханасына үлестіріледі. Әр ақынға жинақтың 10 данасын беретін боламыз, - деді Асхат Оралов.
«Мемлекеттік рәміздер мақтанышым!» және «Мәңгілік ел - мұратым!» тақырыбындағы ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған Астана қалалық жас ақындар арасындағы мүшәйрасының басталуына арналған баспасөз конференцияда байқаудың өтетін күндері мен жүлде қоры белгілі болды. 14 - 29 аралығындағы жас ақындар қатыса алатын байқау, биыл 5-тамыз бен 5-қыркүйек аралығында өтеді.
Байқаудың жүлде қоры 1,2 млн теңге көлемінде. Мүшәйра жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен және Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ақшалай сыйлығымен марапатталады.