Елордада 26 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Сары-Арқа» велотрегінде спортшыларды халықаралық сайыстарға қатысуға психологиялық тұрғыдан дайындау жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

14.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі II форум өтеді.

15.00-де Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» антологиясының тұсаукесері рәсімі өтеді.

16.00-де Ұлттық академиялық кітапханада татар ақыны Мұса Жәлелдің шығармашылығына арналған «Жәлел жұлдызы» халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталады.