Елордада 30 мыңдай бейнебақылау камерасы орнатылады

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қауіпсіз қала» жобасы аясында елордада 30 мыңдай бейнебақылау камерасы орнатылады, деп хабарлайды astana.kz сайтына «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Ильдар Хисамутдинов ОКҚ сайтына берген сұхбатына сілтеме жасап.

«Қауіпсіз қала» жобасы Астана қаласының тыныс-тіршілік жүйесін бір ортадан басқару орталығын құруды мақсат етеді. Бұл жоба аясында «Қалалық оперативтік басқару орталығы» деп аталатын дербес ғимарат тұрғызу жоспарланып отыр», - деп хабарлады И. Хисамутдинов.

Бұдан басқа, қала қауіпсіздігін, оның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20-30 мыңға жуық бейнекамера орнатылады. 300 астам жол қиылыстары жол қозғалысы бұзылуын бақылайтын жүйемен жабдықталады. Сонымен қатар, «Қауіпсіз автобус» жүйесі де енгізіледі. Яғни, автобустар да бейнекамералармен жарақталады. Ілкі жоба ретінде 10 маршрутпен жүретін 10 автобусқа осындай құрылғылар орнатылды», - деді ол.