«Полицейлер шетелдіктердің елорда аумағында болуына қадағалау жүргізеді. Қала аумағында заңсыз мигранттар мен заңнама талаптарын бұзғандарды анықтау бойынша рейдтер жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
«2021 жылдың басынан бері шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болуы ережесін бұзудың түрлі фактісі анықталып, 320 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ел аумағынан тасқары 14 шетел азаматы шығарылды», - делінген Полиция департаменті мәліметінде.
Шетел азаматтарын шақыртып, олардың елде болу ережесін орындауын қамтамасыз етпеген Қазақстанның 132 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке басын анықтау үшін 192 шетел азаматы қабылдау-тарату орнына жеткізілген.
Айта кетейік, 15-19 ақпан аралығында елордада «Мигрант» жедел-профилактикалық рейді өтеді.