Елордада 330 мыңнан астам тұрғын скринингтен өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 2021 жылы 334 мыңнан астам адам скринингтік зерттеуден өтті. Бұл 18,5 мың адамның түрлі ауруын анықтауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2021 жылы атқарылған шаруалар туралы айтып, емдеу-профилактикалық іс-шаралары туралы түсіндірді. Сонымен қатар медициналық ұйымдардағы осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға баға берді.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша елордада өткен жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың 9%-ға өсуі байқалады (163,9-дан 180,1-ге дейін). Онкологиялық ауруларды ерте анықтаудың маңызды кезеңдерінің бірі тексеру кабинеттерінің болуы және сапалы жұмысы болып

саналады. Көптеген жекеменшік ұйымда әйелдер мен ерлерді тексеретін кабинеттері жоқ. Мұның негізгі себептері – тексеру кабинеттерін ашу үшін аталған ұйымдарда тиісті орындардың болмауы, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар басшылары тарапынан тапсырмалардың орындалмауы», - деп атап өтті

басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Ведомство қала тұрғындары арасында қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттану азайғанын хабарлады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға төмендеді және 100 мың тұрғынға шаққанда 2020 жылмен (3223,4)

салыстырғанда 2736,7-ні құрады.

Осылайша МСАК деңгейінде ауруларды анықтау бойынша жұмысты бір жолға қою, анықталған пациенттерді есепке алу және оларға динамикалық

бақылау жүргізу тапсырылды.