Елордада 35 градус ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты елордада ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қалалықТөтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйеніп хабарлайды:1 тамыз күні найзағай ойнап, күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан,оңтүстіктен жел соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с болады. Сондай-ақ күндіз35 градус қатты ыстық болжанады», - делінген «ІKomek» бірыңғай байланысорталығы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұғандейін Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында да ескертужарияланған болатын.