Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Үшінші қабаттағы пәтер отқа оранған. Тілсіз жау 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Жалынды ауыздықтау жұмыстарына ҚР ТЖМ Астана қалалық өрт сөндіру қызметінің 15 маманы мен 3 техникасы тартылды. Ысты газға уланған 36 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.