«Қазіргі уақытта сайлаушылар тізімдерін салыстыру жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала деректерге сәйкес сайлаушылар саны шамамен 400 мың адамды құрайды», - деді ол.
Сонымен қатар ол өз сөзінде еліміздің Конституциясына және «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес республика азаматтары мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану құқығы бар екендігін атап өтті.
«Алдағы ҚР Президентінің сайлауы біздің тағдырымызда маңызды рөл атқарады. Сондықтан елорда сайлаушылары сайлауға белсенді қатысатынына сенемін», - деді И.Жалбыров.