Елордада 4000-нан астам нысан орталықтандырылған жылуға қосылды
14:36, 02 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің мәліметтерінше, бүгінгі таңда 5497 нысанның 4076-ның орталықтандырылған жылуға қосылған.
62 мектептің 62-сіне, 76 балалар бақшасының 75-сіне, 21 оқу орнының 20-сына жылу берілген. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдіктің аппарат жиналысында белгілі болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты .
Қаладағы 2310 көппәтерлі тұрғын үйлердің 2306-на жылуға қосылды. Әкімдіктің ақпаратынша, 4 көппәтерлі үй орталықтандырылған жылу қабылдауға дайын емес. Бұл үйлер «Сарыарқа», «Есіл» аудандарында орналасқан. Мәселен, Ақан сері 16 мекенжайы бойынша орналасқан үйде 8 коллектор үзілген. Олар монтаждық жұмыстар аяқталған соң іске қосылатын болады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 5 блоктың 3-уі іске қосылған.
Басқа да «проблемалы» тұрғын үйлер бойынша мәселелер шешіліп жатыр.