Елордада 46 мың адам баспана кезегінде тұр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарды баспанамен қалай қамтитынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда әкімдігінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктелген міндеттерді орындаубойынша жиын өтті.

Алтай Көлгіновқала активінің алдында Мемелекет басшысының тапсырмалары қалай жүзеге асатынынбаяндады.

«Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, ең негізгі әлеуметтікмәселе – тұрғын үй. Баспана кезегінде 46 829 адам тұр. Олардың ішінде көпбалалыотбасылардың саны – 3 501», - деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасыбойынша 24 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылған. Бұл жұмыстар әлі дажалғаспақ.

«Биыл коммуналдық тұрғын үй қорынан 1634 пәтер бөлеміз. Оның731-і арендалық негізде беріледі. Оның 233-іне көпбалалы отбасылар иелік ететінболады. Биыл барлығы 1500 тұрғын үй сертификатын беру жоспарлануда. Оның 1 мыңы көпбалалы, толық емес,мүгедек балалары бар отбасыларға беріледі, 500 сертификат білім, денсаулықсақтау және полиция департаментің қызметкерлеріне үлестіріледі», - деді Алтай Көлгінов.

Баспанамен қамту шаралары «Бақытты отбасы» бағдарламасыаясында да жалғасатын табатынын айтқан елорда әкімі мемлекеттің бұл түрғыдағымүмкіндігі шексіз емес екенін еске салды.

«Мемлекет бір мезетте барлығына бірдей баспана бере алмайды.Бірақ, біздің қолымызда басқа да тұрмыстық мәселелерді шешетін мүмкіндіктербар», - дед ол.

Еске салсақ, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТоқаевҮкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар