Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Төтенше оқиға Промышленный ауылындағы саяжай үйлерінің бірінде орын алған. Қатты отынмен жанатын пештегі ақаудан шыққан түтінен 5 адам, оның ішінде 3 бала уланып қалған. «Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді», делінген баспасөз ақпаратында.