«Бүгін сағат 20.25-те елордалық өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Ш.Айманов көшесіндегі 24-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі мәлімет бойынша 5 қабатты өндірістік цех ғимаратының 3-ші қабатында өрт шыққан. Жалын кейін жоғары қабаттарға таралған. 200 шаршы метр ауданға таралған өрт сағат 21.14-те ауыздықталып, сағат 22.20-да толық өшірілді», делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге қалалық ТЖД-ның жеке құрамынан 41 адам және 10 техника жұмылдырылды. Өртте ешкім зардап шекпеген.
Еске сала кетсек, елордада 5 қабатты әкімшілік ғимараттан өртеніп жатқаны хабарланған еді.