Елордада 50-ден астам компания жүздеген «Болашақ» түлектеріне жұмыс орындарын ұсынды (ФОТО)
Іс-шараның ұйымдастырушылары Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады.
Іс-шара шеңберінде «Болашақ» бағдарламасының 500-ден аса түлегі 50-ден аса қазақстандық компаниядан жұмыс берушілермен кездесіп, кәсіптік серіктестік перспективаларын талқылау мүмкіндігін алды. Іс-шара барысында таныстырулар, тестілеулер мен сұхбаттар, сондай-ақ networking режімінде бейресми жағдайда компаниялардың топ-менеджменттерімен қарым-қатынас жасау шаралары өткізілді.
Аталған жәрмеңке барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов ашып, «Болашақ» бағдарламасы түлектерін «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 қадам» ұлт жоспарын іске асыруда белсенді қатысуға шақырды. Бағдарламаның ресми әкімшісінің басшысы әлемге танылған және өзі тектес 11 білім бағдарламалары арасында үздік стипендиялық бағдарлама атанған «Болашақ» стипендиясының мемлекеттік мықты кадрлық құрамын құрудағы рөлін ерекше атап көрсетті.
«Болашақ» түлектері үшін ұйымдастырылған Networking session барысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Арын Орсариев өз табысының тарихымен бөлісті. Қатысушылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің төрағасы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Данияр Таумуратпен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізгі басымдылықтарын іске асырудағы өз үлестері жайында талқылау мүмкіндігін алды.
«Болашақ» президенттік бағдарламасы іске асырылған 22 жылда 11265 стипендия тағайындалды, шетелдің үздік жоғары оқу орындарында өнеркәсіп, медицина, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, экономикалық блок, мәдениет және өнер салалары үшін 8 000-нан аса жоғары білімді мамандар даярланған. Бүгінгі күні бағдарлама қатысушылары ел Президентінің зияткерлік қатарын құруда және мықты, қарқынды дамушы мемлекет құру жолында.
Болып өткен Bolashak Job Fair кәсіптік жәрмеңкесі «Болашақ» түлектерінің еңбек нарығының әлеуметтік мүмкіндіктерімен танысуының дәстүрлі нысанына айналды.
Инвестициялар және даму, сыртқы істер, әділет министрлігінің, «Қазақтелеком» АҚ, «Хабар» АҚ, «Air Astana» АҚ, «Даму» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, McKinsey & Company (Маккинзи), Deloitte (Делойт), KPMG, және басқа да ұйымдар мен компаниялардың өкілдері 2015 жылғы Bolashak Job Fair шеңберінде түлектермен әңгімелесу өткізді.