НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтандағы Тұран даңғылында орналасқан «Керемет» монша кешенінде қала тұрғыны бассейнге батып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Кеше, 11 маусым кешкі сағат 19:10 шамасында моншадағы бассейнге батып көз жұмған 51 жастағы әйелдің денесі табылған. Бұл туралы хабарлама 102 қызметіне келіп түсті.
Кейін анықталғандай, марқұм эпилепсия дертімен ауыратын ІІ топ мүгедегі болып шықты. Ол моншаға анасымен бірге келген.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалуда. Тергеу жүріп жатыр.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.