Елордада 6-қабаттан үш жұмысшы құлап кетті
11:18, 30 Сәуір 2011
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада «Геопроекстрой» ЖШС-нің үш қасбеттеушісі 9 қабатты үйдің 6-қабатынан құлап кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, тосын оқиға кеше Сауран көшесінде орналасқан үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары барысында орын алған. Зардап шеккен 25, 29 және 37 жастағы азаматтар ауруханаға жеткізілді.