Елордада 6 маусымда автобустар жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі күні, яғни 6 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жексенбі күні қоғамдық көліктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Айта кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз, көлік картасының көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы төленеді.