«Локдаун мәселесі бүгінде бәрін толғандырып отыр. Әрине қиын жағдай, бірақ бәрі өзімізге байланысты. Егер біз жеке бас қауіпсіздігін алдыңғы орынға қойсақ, жағдай өзгереді. Қарапайым ғана маска тағу, арақашықтық сақтау, көпшілік жиналатын орынға бармау деген секілді қиғадаларды сақтасақ жетіп жатыр. Сондай-ақ, әрине вакцина алу да маңызды. Вирустың қол-аяғы жоқ оны таратып, жұқтыратын өзіміз. Яғни сақтансақ, індетке шалдығушылардың саны азаяды, тиісінше локдаун енгізу мәселесі де жойылады. Ал індеттік жағдай үделеуін тоқтатпаса, онда қосышма шара қабылдауға тура келеді. Себебі қаншама жан ауырып, одан қалды мерт болып жатқанда, шұғыл әрі оңтайлы шешім қабылдау талап етіледі», - деді Тимур Мұратов Инстраграмдағы тікелей эфирде.
Басқарма басшысы індет өрши түскен жағдайда қосымша госпиталь ашып, төсек-жайлардың санын арттырып, сол сияқты қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмекпен қамтылатынын айтты.
«Аурумен күресте мамандар мәселесін де ұмытпаған жөн. Қазіргі уақытта елордада 6 мыңнан астам дәрігер мен медбике індетпен күресіп жатыр. Жалпы қалада 21 мың медицина қызметкері еңбек етіп жатыр. Жағдай нашарлай түссе, індетпен күреске қосымша мамандар тартатын боламыз, оның үстіне коронавирустан басқа да аурудан емделіп жатқан жандар бар», - дейді ол.