Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бүгін елордадағы «Жастар» сарайында білім саласында бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтудеі. Шараға 60 жұмыс беруші шақырылған, олар 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынған.
Оған қоса Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды. Оның мақсаты - елорда тұрғындарын мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыру.
Бос орындар жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 4 тамыз күні сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін өтеді. Байланыс телефондары: 7 (717)2954425, 7 (702) 2694919.