— Астанада 2026 жылдың басынан бері жіті ішек инфекциясының 648 жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4%-ға төмендегенімен, мәселе өзекті күйінде қалып отыр. Аурудың негізгі себептері — тағамды дайындау, сақтау және сату кезінде санитариялық талаптардың сақталмауы, — деді ол.
Сондай-ақ, маман дәмханалардағы топтық улану фактілеріне тоқталды.
— Өткен жылы елордада қоғамдық тамақтану орындарда 3 топтық тағамнан уланудың жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, дүкендер арқылы сатылған үй жағдайында дайындалған аспаздық өнімнен бір оқиға орын алды. Нәтижесінде 60 адам зардап шекті, оның ішінде 20 бала бар. Дегенмен, департаменттің мәліметінше, 2026 жылдың өткен кезеңінде мұндай жағдайлар тіркелген жоқ, — деді Айгүл Шағалтаева.
Айта кетейік, бұған дейін тағамнан уланбау үшін не істеу керек екенін жазғанбыз.