«Бүгінгі күні Астанада 650 туберкулезбен ауратын науқас амбулаториялық ем алуда. Олардың барлығы ай сайын әр адамға 5 200 теңге көлемінде азық-түлік себетін, сондай-ақ, жеңілдетілген жол жүру билетін алады», - деп мәлімдеді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева.
Өткен жылы елордада туберкулезбен ауратындар саны айтарлықтай төмендегенін атап айтқан жөн. Қалалық денсаулық сақтау басқармасынан astana.kz сайтына хабарлағанындай, 2012 жылы туберкулезбен ауратындар саны 19,1 % азайды. 2011 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда ауру көрсеткіші 102,9 болса, өткен жылы орташа көрсеткіш 83,2 адамды құрады.