Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, бүгін шамамен сағат 11.50-де «ВАЗ» маркалы көлік Төлебаев көшесімен келе жатып, белгіленбеген жерде жолды кесіп өтпек болған баланы қағып кеткен.
«Жол-көлік апаты салдарынан 7 жастағы жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Ол ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводан.