Елордада 70-ке жуық велосипед ұрлаған күдіктілер ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер жыл басынан бері 42 күдіктіні ұстап, 70-ке жуық велосипед ұрлығын ашты, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

«Жазғымезгілде елорда тұрғындары мен қонақтарыкөбінесе велосипедпен жүруді қалайды. Алайда бұл көлікті қаскөйлер де көздейді. Сараптама негізінде,әсіресе түнгі мезгілде үйлердің кіреберісінен, ауладан велосипед ұрлығы көптіркеледі. Қолды қылған велосипедтерді арзан бағамен сатады немесе басқа қалағаәкетеді» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 15 шілдеде тез арада 3күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы(«ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар,ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

«Егер осыкүдіктілердің әрекетінен зардап шеккендер болса, мына телефондарға: 8 (7172) 71-60-28; 71-60-69 немесе «102» хабарласудысұраймыз», - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар