«1 қыркүйек – ата-аналар мен оқушылар үшін маңызды күн. Оқу жылын дәстүрлі офлайн форматта бастаймыз. Баға үшін емес, білім алу үшін оқыңыздар! Күнделікті еңбек пен білім арқылы болашақта үлкен жетістіктерге жете аласыз! Ең бастысы – өзіңізге, өз күшіңізге сену.
Оқуға қолайлы жағдай жасау үшін жыл сайын жаңа мектептер салып жатырмыз. Биыл 15 мектеп саламыз, олардың 8-і ашылды. Жаңа мектептердің қатарында жеке инвестиция есебінен салынған мектептер де бар», деді ол.
Әкім №23 орта мектепке (Өндіріс елді мекені, Байқоңыр ауданы) абрағн.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектепте жайлы корпус салынды. Жаңа мектеп екі ауысымда 1200 балаға есептелген. Жаңа ғимаратта робот техникасы, химия, биология, физика, «STEM«, «Интеллектум«, инклюзияны қолдау кабинеті және т.б. кабинеттер бар. Президент атынан мектепке автобус берілді», - деді Алтай Көлгінов.
Қала әкімі №92 жаңа мектепке барған (Майқайың көшесі, Алматы ауданы). Бұл мектеп 2 400 оқушыға есептелген (екі ауысымда). Мектепте химия, биология, физика, робототехника, «STEM», «Интеллектум» және т.б. жаңа модификациядағы бірегей кабинеттер ашылды.
«15 мектептің құрылысы 40 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы орындарының саны 2 еседен артық, ал 2019 жылмен салыстырғанда 4 еседен артық ұлғаймақ.
Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 67 мектеп салу жоспарланып отыр. Мектептерді МЖӘ аясында және жеке инвестициялар есебінен салып жатырмыз»,- деді ол.
Әкімнің айтуынша, инвестициялық кеңестерде тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие 30-дан астам жекеменшік оқу орынының құрылысына қолдау көрсетілген.