Елордада 81 жедел жәрдем көлігі жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жедел медициналық жәрдем станциясында 81 мамандандырылған көлік жұмыс істейді, деп хабарлады astana.kz.

Қазіргі кезде жедел медициналық көмек көрсету қағидалары өзгерген. Енді науқастарды тасымалдаудан басқа, қатты ауыру кезінде, жарақаттанғанда шұғыл медициналық жәрдем көрсетіледі. Сонымен қатар, Астана қаласында денсаулық сақтау жүйесін дамыту мақсатында үш медициналық нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, делінген хабарламада.