АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Астанада 9 адам иіс тиіп уланды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ломоносов көшесінің орналасқан жеке тұрғын үйдің қатты отынмен жанатын пешінің ақауынан шыққан ыстан 3 бала иіс тиіп уланып, аурухана түсті.
Сонымен қатар Асан қайғы көшесінде жаңадан салынып жатқан үйде 6 адамға иіс тиді. Олардың барлығы да ауруханаға жеткізілді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.