Астана қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде аталған филиал директоры Ербол Бекмұхамбетов елорда бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жүзеге асырылуы туралы баяндады.
2023 жылдың 10 айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 2 млрд теңгеден астам сомаға медициналық қызмет көрсету барысындағы бұрмалаушылықтар анықталды. Оның ішінде 1,3 млрд теңге – МӘМС жүйесінде, 800 млн теңге – ТМККК аясында. Проактивті мониторингтің 2-кезеңінің нәтижелері бойынша 9 медициналық ұйыммен жасалған шарт бұзылды. Жүргізілген мониторингтер аясында 41 млн теңгеден астам сомаға қызметтерді сатып алу шарты талаптарының тиісінше орындалмағаны анықталды.
Қордың Астана қаласы бойынша филиалы 2023 жылдың 10 айында тұрғындардан түскен 3 975 өтінішті қарады. Пациенттердің шағымы бойынша жоспардан тыс 191 мониторинг жасалды. Оның ішінде 84 шағым расталды және нәтижелері бойынша экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды.