19:10, 05 Маусым 2009
Елордада А.С.Пушкиннің 210 жылдығына арналған әдеби кеш өтуде
АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорданың Ресей ғылым және мәдениет орталығында орыс ақыны Александр Пушкиннің 210 жылдығына арналған әдеби кеш өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мен Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің атынан осы кешке жиналғандарды құттықтаймын. Өзім де ұлы ақын Александр Сергеевич Пушкиннің туған күніне арналған әдеби кешке қатысқаныма қуаныштымын. 210 жыл... Бірталай уақыт қой. Жыл сайын осы күнді атап өтуіміз - айтулы күннің ешқашан естен шықпағанын, шықпайтынын дәлелдейді», - деді Ресей Елшілігінің кеңесшісі Александр Травин.Кешке сондай-ақ елордадағы жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, мектеп оқушылары қатысуда. Орыс ақынының 210 жылдығына арналған іс-шара барысында А.С.Пушкиннің өлеңдері оқылады, залда жиналған көрермендер құттықтау сөздерін жеткізіп, ақынның шығармашылығы жайында өз ойларын ортаға салады.