«Astana Innovations» АҚ-да мәлімдегендей, Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы азаматтарға жан-жақты ақпарат ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, осы тұжырымдаманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған болатын, ал Astana Innovations оны өзінің қосымшасына енгізді.
«111 бірыңғай байланыс-орталығының нөміріне қоңырау шалу тегін, оған қалалық телефон арқылы және біздің Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы хабарласуға болады. Операторлар атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қандай құжаттар керектігін және жаңартылған форматтағы АӘК-ке өтініштерді қабылдау қашан басталатынын түсіндіреді»,- деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінде.
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) - бұл аз қамтылған және табыс деңгейі төмен азаматтарға (отбасыларға), оның ішінде көпбалалы отбасыларға ақшалай төлем түрі.