АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Абай даңғылы мен Ә. Сембинов көшесінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толықтай жабылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Шектеулер 2 маусым күні сағат 22:00-ден 3 маусым күні сағат 08:00-ге дейін енгізіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Бұған дейін елордадағы Сығанақ пен Әйтеке би көшелерінің қиылысы ішінара жабылатынын жаздық.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)