Елордада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Абай даңғылының Ш. Уалиханова көшесінен Ә. Сембинов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлім етті.

Фото: Алматы әкімдігі

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 24-27 мамыры аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. 

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Бұған дейін елордада Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысы уақытша жабылатынын жаздық.