Елордада Абайдың туған күніне орай поэтикалық марафон өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, ағартушы және философ Абайдың туған күніне орай поэтикалық музыкалық марафон өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, шараның мақсаты Абайдың рухани құндылықтарын,қазақтың ұлы ақынның өткені мен бүгінін бейнелейтін шығармашылық мұрасынкеңінен насихаттау.

Мерекелік жиын барысында «Ұлы даланың дана ойшылы –Абай» және «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра»иллюстрациялық-кітап көрмелері, «Abai поэмалары. Өлеңдері мен аудармалары.Қара сөздер. Әндері» және «Абай-челлендж» кітаптарыныңтұсаукесері, Ұлы Абайдың өлеңдерін және әндерін оқу,«Құнанбай» кино көрсетілімі, «Абайұлттың рухани гиппократы» аттыдөңгелек үстел, «Абай бейнесі суреткерлер көзімен» атты суреткөрмесі ұйымдастырылады.

Бұл шара Абай Құнбайұлының мерейтойықарсаңында өткізіліп отыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019жылдың 30 мамырында Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет ұйымы(ЮНЕСКО) және Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (TURKSOY) қамқорлығыменөтетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Қ.Тоқаев: «Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Ақынның дара тұлғасы –халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық»,-деген еді.

Іс-шараға жазушы, ҚР Мемлекетттік сыйлығының және «Құрмет»орденінің иегері Қажығали Мұхаметқалиев,фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев, ғалым, мемлекет жәнеқоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбаев, жазушы, публицист,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері АлданСмайыл, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Тобаяқов, ақын, ҚазақстанЖазушылар одағы Нұрсұлтан қаласы филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлы, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы ДәуренҚуат, журналист жәнежазушы, «Айқын» газетініңБас редакторы Нұртөре Жүсіп, ақын, аудармашы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғалым-хатшысы Төрегелді Рахман, танымалтележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт сондай-ақ, әнші,Республикалық жыршылар байқауының лауреаты, жас жыршы Айнұр Қонысбаева, әнші,актер, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі НұрайТанабаев, дәстүрлі әнші,актер Асқар Мұқият, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріНұркен Өтеуілов, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері,аудармашылар, әдебиеттанушылар мен әдебиет сыншылары, ғалымдар мензерттеушілер, тарихшылар мен мәдениеттанушылар, дәстүрлі әншілер мен театрәртістері, кітапхана қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдеріжәне т.б. қатысады.

ҚР ҰАК баспасөз қызметі:

Соңғы жаңалықтар