Елордада «Абайлаңыз, балалар» акциясы өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Абайлаңыз, балалар» акциясы аясында «Жүргізуші, жылдамдықты бәсеңдет!» шарасын ұйымдастырды, деп хабарлады astana.gov.kz.

Аталмыш шараның мақсаты - балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау. Шара барысында жол қозғалысының жас инспекторларынан құрылған топ Астана қаласының жол-патрульдік полициясымен бірлесе отырып, жолға шықты. Жас инспекторларға жылдамдықты арттырып, жол қиылыстарында ережені сақтамаудың салдарынан апатты жағдайларға әкелетінін түсіндірді. Балалар жүргізушілерге жол қозғалысының суреттерін көрсетіп, өлең шумақтарын айтып, ақпараттық кітапшалар таратты.

Ұйымдастырушылар акцияның жол-көлік апаттарын азайтуға септігін тигізеді деген сенімде.