«Адам өлімі туралы анықтама беру мәселесін шештік. Бұл жағдайда учаскелік дәрігерге немесе емхананың call-орталығына хабарласуға болады. Немесе жеке куәлікпен емханаға келу керек. Анықтама марқұмның диагнозы мен диспансерлік есептегі динамикалық бақылауды ескере отырып беріледі. Бұл жағынан еш мәселе жоқ», - деп жауап берді емхана басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер сұрағына.
Бұған дейін №5 қалалық емхана директоры Алтыншаш Табылдина коронавирустан жазылған науқастардың ПТР тапсыруға міндетті еместігін түсіндірген еді.